10-ші сыныптағы жасөспірімдерге арналған

  • Nº1

Киберқауіпсіздік. Интернеттегі қауіпсіздік негіздері

Шынайы өмірдегідей ғаламдық желіде сақтықты сақтау өте маңызды. Алаяқтардың құрбаны болмау немесе кибербуллингтен психологиялық жарақат алмау үшін кейбір ережелерді сақтап үйрену керек. «Кибер-қауіпсіздік. Интернеттегі қауіпсіздік негіздері» кітабында интернет кеңістігіндегі қауіпсіздік мәселелері қарастырылған, әлеуметтік желіге ақпаратты жүктеудің қауіпсіз жолдары, цифрлық дағдыларды қалыптастыру және ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар берілген.

  • Nº1

Барлығы мінсіз болу қажет пе? Қателік жасаудан қорықпау жолдары

«Барлығы мінсіз болу қажет пе? Қателік жасаудан қорықпау жолдары» кітабында перфекционизм, яғни мінсіздікке ұмтылу синдромы қарастырылған. Оған қоса перфекционизмнің белгілері, психологиялық салдары сипатталған. Бұл синдромнан арылу бойынша психологиялық ұсыныстар мен кеңестер берілген.

  • Nº1

Ғажайып сұрақтар. Өмірдің мәні және оны қалай табуға болады?

«Ғажайып сұрақтар. Өмірдің мәні және оны қалай табуға болады?» кітабында өмірдің мәнін анықтау мен рухани-адамгершілік құндылықтарын түсінуге мүмкіндік беретін Г.Бейтсон мен Р.Дилтстың нейрологиялық деңгейлер пирамидасы ұсынылған. Бұл пирамида жасөспірім өмірінің барлық аспектілерін қамтитыны қарастырылған: орта, мінез-құлық, қабілет, наным, құндылықтар, дербестік, жеке мақсат. Сондай-ақ өмірлік бағытты айқындау бойынша психолог кеңестері бар.

  • Nº1

Қарапайым жауқаулық. Барлығын уақытылы жасау туралы

Жалқаулық дегеніміз не? Психология тұрғысынан негізі жалқаулық түсінігі жоқ. Бұл тұжырымдаманың артында тағы бір нәрсе жатыр - мотивацияның болмауы және сәтсіздіктен қорқу. Бірақ егер сіз жасөспірімде жауапкершіліктің жоқтығын және сабақтар мен міндеттерді кейінге қалдыруды байқасаңыз, оны қараусыз қалдырмаған жөн. Кітапта тапсырмалар мен міндеттерді кейінге қалдырудың механизмі ретінде прокрастинация түсінігі қарастырылған. Прокрастинацияның себептерін түсіну және оны болдырмау жолдары бойынша ұсыныстар берілген.

  • Nº1

ҰБТ-ға дейінгі және кейінгі өмір. Стрессті еңсеру жолдары

«ҰБТ-ге дейінгі және кейінгі өмір. Стрессті еңсеру жолдары» кітабында мектеп оқушысы үшін жақын арадағы маңызды оқиға – Ұлттық бірыңғай тестілеу қарастырылған. Жасөспірімге қысқа мерзімде тестілеуден өту, ықтимал сәтсіздіктен қорқу кезіндегі психологиялық қысым жағдайында стресске төзімді болу ұсынылған. Үрейді жеңу, ресурстық жағдайға ену сияқты психологиялық әдістер де ұсынылған.

  • Nº1

Өмірдің төрт бұрышты дөңгелегі. Өмірдегі теңгерімді сақтау туралы

Жасөспірімге жеке өміріндегі теңгерімді сақтау үшін өзінің мықты және әлсіз жақтарына назар аударту керек. «Өмірдің төрт бұрышты дөңгелегі. Өмірдегі теңгерімді сақтау туралы» кітабында өмірдің әр саласы бойынша теңгерімді сақтау маңыздылығы қарастырылған, өмірлік салалардағы теңгерімнің бұзылуының салдары сипатталған. Теңгерімді сақтау бойынша психологиялық ұсыныстар берілген.

  • Nº1

Сиқырлы пирамида. Маған не қажет екенің қалай түсінемін?

Бұл кітапта жеке тұлғаның қалыптасу процесі туралы түсінік, оның қоғам талаптарын біртіндеп игеруі, қоғаммен қарым-қатынасын реттейтін сана мен мінез-құлықтың әлеуметтік маңызды сипаттамаларын қабылдауы қарастырылған. Мұның бәрі жасөспірімге қоғамдағы толыққанды өмір сүру үшін қажетті дағдыларды игеру үшін қажет. Ұсынылған оқиғалар әлеуметтену мен өзіндік анықталудың маңыздылығын көрсетеді және психологтың ұсыныстары тұлғалық ресурстарын ашуға, атап айтқанда өзін, өзінің тегін қабылдауға көмектеседі.

  • Nº1

Мақсатыма жеткізетін баспалдақ.

Егер шынайы ниет болса, ғарышқа да ұшуға болады дейді. Бірақ кейде бір тілектің болғаны жеткіліксіз. Мақсаттарды қалай қою керек, қалай жоспарлау керек, уақытты қалай пайдалану керек және прогреске жету үшін не іздеу керек. Сіз осы сұрақтарға жауаптарды осы кітаптан таба аласыз. Кітапта жоспарлау түсінігі, жоспарлау түрлері мен саңыздылығы және мақсатқа жетудегі рөлі ұсынылған. Жоспар құру мен мақсатқа жету кезіндегі уақытты тиімді пайдаланудың қажеттілігі, жоспарлау дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік беретін психологиялық ұсыныстар қамтылған.

  • Nº1

Менің алғашқы жұмысым. Алғашқы жұмыстағы қауіпсіздік

Диплом алғаннан кейін мамандық бойынша маңызды жұмысты тезірек табу үшін оқу кезінде дайындалған дұрыс. Жұмыс қауіпсіздігі ережелерін, еңбек заңнамасын және басқа да көптеген факторларды білмеу жасөспірімді жұмыс іздеу және еңбек шартын жасасу кезінде әртүрлі қиындықтарға әкелуі мүмкін. Кітапта жұмысқа орналасу кезіндегі ықтимал қауіптер және оларды азайту жолдары сипатталған. Жұмыс берушімен шарт жасау түсінігі қарастырылған. Сонымен қатар, жұмыс беруші мен қызметкер қызығушылықтарының өзгешеліктері мысал ретінде берілген.

  • Nº1

Біз әрқашан таңдау жасаймыз. Өзін-өзі дамыту деген не?

Қазіргі кездегі өзекті мәселелердің бірі – жасөспірімнің өзін-өзі дамытуы. Жас ұрпақ таным, бағалау, өзін тәрбиелеу процестерін және қоғамдағы әлеуметтік қызметті меңгеруі тиіс. Кітапта адами қызметтің бес негізгі аспектілері яғни : физикалық (дене), аффективті (сезім, махаббат),рационалды (ойлау мен шығармашылық), әлеуметтік (өзгелермен қарым-қатынас, мәдени орта), рухани (адам өмірінің мәні) қарастырылған. Осы аспектілер арасындағы теңгерімнің маңыздылығы мен өзін-өзі дамытуда қолдану жолдары сипатталған.

  • Nº1

Арманның мақсатқа ауысуы

Жасөспірімді армандауға, тілеуге, дұрыс мақсат қоюға және қалаған нәрсеге жетуге неғұрлым тезірек үйретсеңіз, соғұрлым жақсы болады. Бүгінгі таңда бұл дағды оған емтихан тапсыруға, сүйікті спорт командасынан орын алуға, университетке түсуге дайындалуға, арманындағы мамандығын таңдауға, ал ертең - табысты және бақытты адам болуға көмектеседі!«Арманның мақсатқа ауысуы» кітабында шынайы жəне өзгелермен сендірілген армандар қарастырылған. Арман мен мақсат арасындағы айырмашылықтарға көңіл бөлінген. Қалыптасқан стандарттарға сəйкес болуға ұмтылмай, өзінің шынайы қажеттіліктерін түсіну жолдары сипатталған. Мақсаттарды құру, олардың өзектілігі мен қолжетімділігін бағалау, салдарын болжау мəселелері қарастырылған.

  • Nº1

Психологиялық жарақат. Есеңгіреу жағдайлары және оларды өткеру туралы

Мұқият ата-ана бірден баласының мінез-құлқындағы өзгерістерді көріп, себебін білуге тырысады. Алайда, психологиялық жарақаттар көбінесе жасырын түрде өтеді. «Психологиялық жарақат. Есеңгіреу жағдайлары және оларды өткеру туралы» кітабында: өміршеңдік пен стресске төзімділікті қалыптастыру мақсатында психологиялық жарақат пен жасөспірімнің өмір сапасына психологиялық жарақат әсерінің жалпы механизмі қарастырылған. Оныншы сынып оқушысына есеңгіреулі психологиялық жарақат (мысалы, жол апаты, тонау және т.б.) кезінде өзіне көмек көрсету бойынша жалпы ұсыныстар сипатталған. Қай кезде білікті маман көмегіне жүгіне керектігі берілген.

  • Nº1

Сәттілік құпиясы

Табыс пен сәттілік бірдей ұғымдар емес. Табыс – бұл мақсатқа жету, ал сәттілік -бұл жетістікке жету қабілетімен сипатталатын адамның сапасы. Кейбіреулер бұл анықтамаларға күмәнмен қарауы мүмкін, яғни барлық жерде және әрқашан жетістікке жетуге бола ма? Болады! Тапсырмалардың дұрыс қойылғаны жеткілікті. Табыс - бұл бәрін жеңу емес, жеке мақсаттарға жету. «Сәттілік құпиясы» кітабында уақытты басқару, өз-өзіңе сенімділікті дамыту, позитивті болуға тырысу және сәттілікті визуализациялау әрі көмек сұрау, пікірлестердің қолдауы, шабыттандыратын мысалдар, сыйақымен ынталандыру сияқты мақсатқа жету стратегиялары сипатталған.

  • Nº1

Секталар мен арбау. Манипуляциялардан және секталарға кіруден қорғану туралы

Жасөспірімнің қауіпсіздігіне қамқорлық жасай отырып, ата-аналар, ең алдымен, өмір мен денсаулыққа физикалық қауіп туралы ойлайды. Бұл ақылға қонымды тәсіл. Дегенмен, тағы бір қауіпті – психологиялық туралы ұмытпаңыз. Сектаға қатысқан жасөспірімнің санасы апаттан кейін денеден кем емес зардап шегеді және оны қалпына келтіру одан да ұзаққа созылуы мүмкін. Кітапта діни экстремистік топтарға тартуы жағдайында жасөспірімдердің өзіне көмек көрсету және қауіпсіздік сұрақтары психологиялық тұрғыда қарастырылған. Жасөспірімді түрлі секталарға, жалған психологиялық тренингтерге тарту кезіндегі ықтимал манипуляциялар сипатталған. Ұқсас жағдайлардың алдын алу бойынша психологиялық ұсыныстар қарастырылған.

  • Nº1

Менің мақсаттарым. Өмірлік мақсаттар қалай айқындалады?

Мақсаттылық-бұл 21 ғасырда сәттіліктің өлшемі болып саналатын жеке сапа. Жасөспірімде ол толығымен дамымаған: жасөспірімдер өздерінің мінез – құлқын толық бақылауға кедергі келтіретін импульсивті әрекеттерге бейім, сондықтан алға қойылған мақсаттарға жету қабілеті осы мақсаттарды қою қабілеті екенін түсіндіру өте маңызды! Кітапта мақсат және мақсатты тұжырымдау түсініктері, мақсатты тұжырымдаудың негізгі әдістері ұсынылған. Өмірлік мақсаттарды таңдау себептері мен маңыздылығы, сондай-ақ бұл үрдіске қатысты шынайылық пен аңыздар мен өмірлік мақсаттарды айқындауға қатысты ұсыныстар берілген.

  • Nº1

Улы қарым-қатынас. Эмоционалды қысым туралы.

Өзін – өзі бағалаудың төмендеуі, тұрақты кінә сезімі және эмоционалды сарқылу -бұл уытты сарқылудың негізгі салдары. Көбінесе жасөспірімдер улы достыққа немесе улы романтикалық қарым-қатынасқа түседі, өйткені олар қоғам талап ететін нәрсеге осал. «Улы қарым-қатынас. Эмоционалды қысым туралы» кітабында қарым-қатынас барысында кездесетін манипуляция мен эмоционалды қысым сипатталған, «улы» қарым-қатынастың белгілері қарастырылған. Осындай қарым-қатынастан шығу жолдары, өзіне көмек көрсету және өзін-өзі қорғау тәсілдері ұсынылған.