Кітапта ми дамуы мен құрылымындағы негізгі өзгерістер қарастырылған. Өзгерістердің жасөспірім мінез-құлқына ықпалы сипатталған, нейрондық байланыстар және олардың өмір бойы қалыптасуының маңыздылығы көрсетілген.
Кітапта есею кезеңіне өткендегі өзгерістерді дұрыс қабылдап, қорқыныш пен мазасыздықты жеңуді үйренген жасөспірімдердің оқиғалары баяндалады. Жасөспірім психологиялық қауіпсіздік түсінігімен танысады, және болып жатқан физиологиялық өзгерістер туралы ғана емес, ішкі психологиялық өзгерістер туралы білетін болады. Бұл түсінік есеюге жағдай жасайды.
Кітапта өздерінің қажеттіліктеріне орай әрекет жасап, соңында пайдалы өмірлік сабақ алған жасөспірімдердің оқиғаларын баяндалады. Кітапта жасөспірім үшін маңызды қажеттіліктер қарастырылған. Бұл кітапты оқи отырып, жасөспірім қажеттіліктердің әрекет ету мен шешім қабылдауға қалай әсер ететінін түсінеді. Кітаптағы оқиғалар мен психолог жазбалары қажеттіліктерді қанағаттандырудың ұтымды жолдарын таңдауға көмектеседі.
Кітапта өмірлік тапсырмаларға кезігіп, оларды жеңген жасөспірімдердің оқиғасы баяндалады. Оқиға негізінде жасөспірім есею кезеңінде туындайтын сұрақтарды өздігінен шешіп үйренеді және тәжірибе жинайды. Кітапты оқи отырып, өмірлік міндеттерді шешудің маңыздылығын түсініп, көптеген сұрақтарына жауап алады.
«Бақыт гормондары. Гормондар мен мінез-құлықтың өзара байланысы туралы» кітабында жасөспірімдер гормондардың əрекетке, таңдау жасауға, жалпы өмірге тигізген əсерімен бөліседі. Кітапты оқу арқылы жасөспірім гормондар деген не және олардың ағзаға ықпалын түсінеді, мінез-құлықтың өзгермелі болуының себептерін таба алады және бұл өзгерістерді өз пайдасына жарату жолдарымен танысады.
Кітапта жасөспірімдердің оқиғалары жазылған, онда олар физикалық жəне психикалық денсаулықты сақтауға мүмкіндік беретін дұрыс тамақтану жолдарын үйренеді. Кітапты оқи отырып тамақтану кезіндегі қателіктермен танысады (тағамдық мінез-құлық), Өзінің тамаққа деген қарым-қатынасын біле алады, артық тамақтану және диета ұстау туралы ақпараттандырылады және тамақтанудың тұлғаның психологиялық ерекшеліктерімен өзара байланысы туралы біледі.
Кітапта салауатты жəне зиянды тағам, қимылсыздық пен қозғалыс арасындағы таңдау қажеттілігіне тап болған жасөспірімдердің үш оқиғасы баяндалады. Кітапты оқу арқылы жақсы әдеттерді қалыптастыру бойынша ұсыныстармен танысады және өзінің салауатты өмір салты жүйесін қалыптастыру бойынша кеңестер таба алады.
«Өзгеріп келемін! Денедегі өзгерістер туралы» кітабында жасөспірімдердің бойында түрлі өзгерістер орын алған оқиғалары баяндалады. Олар сол дағдарысты шақты өткеруге және өзгерістерге бейімделіп, денелеріне қатысты теріс пікірлерін оң жаққа өзгертуге үйренеді. Кітапты оқи отырып, жасөспірім өз тұла байына деген қарым-қатынасын өзгертеді, тұла бойындағы өзгерістерді қабылдап үйренеді, мұндай жаңа білім ұтымды есеюге көмек болады.
Кітапта тілдесудің сырлары ұсынылған және өмірде адамдар бір-бірін дұрыстап ести алмайтыны, өздерін тыңдатып, басқаны есту үшін не істеу керектігі туралы үш оқиға баяндалады. Кітапты оқи отырып, жасөспірім қарым-қатынас жасаудың сыртқы және ішкі мәселелерін шешу жолдарымен танысады, коммуникативті болудың не екендігін түсінеді және ұтымды қарым-қатынас жасаудың жаңа дағдыларын игеру бойынша кеңес алады.
Кітапта жанжалды жағдайда теріс эмоциялармен күрескен жасөспірімдердің үш оқиғасы баяндалады. Осы кітапты оқу арқылы жасөспірім басты кейіпкерлердің стратегияларын салыстырып, өзгелермен қарым-қатынастысақтауға және нығайтуға мүмкіндік беретін тәсілдермен танысады. «Мен-хабарлама» және «Сен-хабарлама»техникаларымен танысып, оларды болашақта қарым-қатынас жасауда қолдана алады.
Кітапта жасөспірімдер түрлі тұлғааралық жанжалдарға кезігіп, оларды қалай жеңгені және әрқайсысы оң нәтиже алғаны туралы баяндайды. Бұл кітаптан жасөспірім даулы жағдайлар кезінде өзін-өзі ұстаудың ережелерін және даулы жағдайларды ұтымды шешу бойынша кеңестер таба алады.
Кітап өмірлік жағдайдың жағымсыз жақтарын жеңе білген, Мен-ОК, Сен-ОК сәтті стратегиясына қол жеткізген жасөспірімнің үш оқиғасы баяндалады. Өмірлік ұстаным адам өмірінің қандай болатынын анықтайды. Осы кітапты оқу арқылы жасөспірім өз ұстанымын неғұрлым табысты және бақытты стратегияларға қарай бағдарлай алады, тұлғаның оң және теріс сапаларын ажыратып үйренеді.
Кітапта жасөспірімдердің үш оқиғасы баяндалады, олар күнделікті өмірде өздерін қауіпсіз сезінуді қалай үйренгендігімен бөліседі. Осы кітапты оқу арқылы, жасөспірім психологиялық қауіпсіздік түсінігімен танысады және психологтың пайдалы кеңестерін алады.
Кітапта мектептегі өмірдің жағымсыз жағына тап болған балалардың оқиғалары қарастырылған және олар өзінің, достарының және үлкендердің арқасында кедергілерге қалай қарсы тұрғандарымен бөліседі. Осы кітапты оқу арқылы, жасөспірім буллинг түсінігімен танысады, психологиялық әлімжеттік жағдайына ұшырағандар өзіне көмек көрсету тәсілдері бойынша ұсыныстар алады және өзіне бағдарланған агрессияны еңсеру тәсілдерін меңгереді.
Кітапта жасөспірімдердің түрлі өмірлік жағдайларға тап болып, шешілмейтін жайттардың болмайтынына куә болатын оқиғалары баяндалған. Кітапты оқи отырып, жасөспірім қарым-қатынас кезінде теріс эмоцияларға жол бермеу тәсілдері туралы білетін болады, қарым-қатынас жасау техникаларымен танысады және өзінің эмоционалды реакцияларын талдай алады.
Кітапта шылым, ішімдік және есірткі қолданып көруге қызығушылығы оянған жасөспірімдердің оқиғалары және осы қызығушылықтың теріс салдары да баяндалған. Кітапты оқи отырып, жасөспірім психобелсенді заттар туралы кең таралған аңыздармен танысады, зиянды әдеттерге «Жоқ» деп айтып үйренеді. Салауаты дағдыларды қалыптастыру бойынша кеңестер алады.