Кітапта ғаламтор кеңістігіндегі психологиялық қысымның түрлері мен қорлау (кибербуллинг,кибермоббинг, троллинг) сипатталған. Кибербуллингтің негізгі белгілері қарастырылған. Жасөспірімдерге осындай жағдайларда сауатты әрекет ету бойынша ұсыныстар (өзін-өзі қорғау, өзіне-өзі көмек көрсету) берілген.
«Геймерлік. Ойынның қауіпке айналуы туралы» кітабында құмар ойынға тәуелділік ұғымы және оны анықтаудың негізгі белгілері сипатталады. Құмар ойынға тәуелділік салдары басқалардан қашу немесе шынайылықтан кетуді бағалауға ерекше көңіл аударылған. Компьютерлік ойындарға сындарлы емес тыйым салудан гөрі, құмар ойынға тәуелділіктің зардаптары шынайылықтан кету немесе қашу әдісі ретінде қарастыру басты назарға алынған. Сыртқы ресурстарды күшейту бойынша қарапайым психологиялық ұсыныстар берілген.
Интроверт баламен не істеу керек дегеннен бұрын, балаңыздың интроверт екеніне көз жеткізіңіз. Бұл диагноз немесе тұлғалық теріс сипаттама емес, жәй ерекшелік екенін білген жөн. Бұл кітапта жасөспірімдердің өз құрдастарынан физикалық және психологиялық тұрғыда оқшаулануы сипатталған, шарасыз және ерікті жалғыздықтың пайда болу себептері қарастырылады, мұндай жағдайда өз-өзіне көмек көрсету үшін жасөспірімдерге психологиялық ұсыныстар берілген. Ерікті жалғыздық позициясынан өзара іс-қимыл бойынша түсіндірме ұсыныстарда көрсетілген.
«Отбасы» мемлекеті» кітабында жасөспірім ата-ана мен бала, іні-әпке және басқа отбасы мүшелері арасындағы қарым-қатынас туралы оқиғаларды табады. Басты кейіпкерлер отбасылық қарым-қатынаста қиындық туындаған кездегі эмоция және сезімдерімен бөліседі. Кітапта өтпелі кезеңдегі отбасы өзгерістерінің ерекшеліктері, отбасы құндылықтары мен ғұрыптарының қарым-қатынасқа ықпалы және отбасылық қиындықтарды шешу жолдары қарастырылған.
Кітапта отбасындағы қарым-қатынас қиындықтарын сипаттайтын оқиғалар баяндалған. Кітапты оқу арқылы жасөспірім адамдармен өзара қарым-қатынаста туындайтын манипуляциялармен танысады. Рөлдік моделі – Карпман үшбұрышымен танысады: құрбан, қудалаушы-өктем адам, құтқарушы және осы Карпман үшбұрышынан шығуға арналған ұсыныстарға көңіл бөледі. Белсенді жауапкершілік позициясының мысалдарын көреді.
«Emoji-мен достасу. Эмоцияларды дұрыс көрсету жолдары» кітабында оң және теріс эмоциялар, олардың адам өміріндегі маңыздылығы қарастырылған. Кітапта эмоцияларды түсінуге, оларды қабылдаудағы және білдірудегі қиындықтарды жеңуге мүмкіндік беретін жаттығулар мен әдістерді ұсынады. Кітапта сонымен қатар эмоцияларды бақылау мен қоғамда көрсету техникалары ұсынылған.
Жасөспірімдік кезеңнің маңызды міндеттерінің бірі ер немесе әйел рөлін қабылдау болып табылады. Ер болу деген не? Әйел болу деген не? Олардың міндеттері қандай? Өмірде қандай бағытты ұстануы қажет? Осы кітапта жасөспірімдік кезеңдегі қыз балаға тән нәзіктік пен ұл балаға тән ерлік түсініктері қарастырылған және қоғамдағы рөлдік модельдердің қалыптасуына қыздардың қуыршақпен, ұлдардың мәшинелермен ойнауының әсері сипатталған. Гендерлік теңдік және қарама-қарсы жыныстағы адамға оң көзқарасты қалыптастыру туралы ақпарат берілген.
Жасөспірім кезеңнен ересектікке өту, қыздарға арналған кітапта осы кезеңдегі жыныстық даму белгілеріне деген ұқыпты жəне жағымды қатынасты қалыптастыру, өзінің бойында пайда болған физиологиялық өзгерістерін қалыпты əрі еш ыңғайсыздық танытпай қабылдау туралы ақпарат ұсынылған. Кітапта жыныстық даму белгілеріне оң және ұқыпты қатынастың маңыздылығы көрсетілген және өз бойындағы физиологиялық өзгерістерді кінәсіз қабылдау туралы ұсыныстар берілген. Жыныстық жетілудің психологиялық аспектілері қарастырылған әрі осы үдерісті оңтайлы бастан өткеру бойынша ұсыныстар берілген.
Жасөспірім кезеңнен ересектікке өту, ұлдарға арналған кітапта осы кезеңдегі жыныстық даму белгілеріне деген ұқыпты жəне жағымды қатынасты қалыптастыру, өзінің бойында пайда болған физиологиялық өзгерістерін қалыпты əрі еш ыңғайсыздық танытпай қабылдау туралы ақпарат ұсынылған. Кітапта жыныстық даму белгілеріне оң және ұқыпты қатынастың маңыздылығы көрсетілген және өз бойындағы физиологиялық өзгерістерді кінәсіз қабылдау туралы ұсыныстар берілген. Жыныстық жетілудің психологиялық аспектілері қарастырылған әрі осы үдерісті оңтайлы бастан өткеру бойынша ұсыныстар берілген.
Әр адамның жеке өмірге –жеке кеңістікке құқығы бар, бұл өсіп жеткен ұл мен қызға да қатысты. Кітапта адамның ішкі дүниесін сыртқы ортадан бөлетін физикалық жəне психологиялық шекаралар ұғымдары сипатталған. Кітапты оқу арқылы жасөспірім шекараларды қалай сақтау керектігін түсінетін болады, неге қажет екенін және бірегей ішкі дүниенің құндылығын аңғаратын болады. Сонымен қатар, арт-терапия техникаларының көмегімен өзге адамдармен орнатылатын физикалық шекараларыңды анықтай алады.
Білмеу және қалыс қалу саясаты тиімді нәтижелерге әкелмейді, жасөспірім өз денесінің құрылымы және жыныстық даму ерекшеліктері туралы білуі керек. Осы кітапта жасөспірімге сыртқы «жалған» мінез-құлық пен шынайы ішкі сезімдерді ажырата алу мәселесі қарастырылған және өзіне деген оң көзқарас қалыптастыру сипатталған. Батыс мәдениетінен келген жыныстық мінез-құлыққа қатысты кең таралған аңыздар, сырт келбеттің мінсіз бейнесіне қатысты ойлар талданған.
«Ата–ана ғаламшары. Ата-ананы қалай түсінуге болады?» кітабында ата–аналардың өз баласының есеюіне деген қатынасы мен олардың өміріндегі қазіргі жəне алдағы өзгерістер қарастырылған. Кітап арқылы жасөспірімдер ата–аналарының ұстанымдары мен қорқыныштарына басқаша қарай алады, шынайы оқиғалар жəне иллюстрациялар мінез-құлық стратегияларын түсіне алады. Психолог жазбалары есеюдің жаңа дағдыларын меңгеруге ықпал етеді.
«Emoji-дің өмірге келуі. Эмоциялар қайдан пайда болады?» кітабында эмоциялардың пайда болу үрдісі сипатталған. Эмоциялардың пайда болуы дене арқылы қалай сезілетініне көңіл бөлінген. Кітапта ойлардың эмоцияға ықпалы, эмоционалды тұрақсыздық және оны еңсеру, түрлі эмоцияларды түсіне алу қарастырылған.
«Өз эмоцияларының қожайыны» кітабында ойлар мен нанымдардың эмоциялар пайда болуына әсері және олар адамның өзін-өзі ұстауына тигізетін ықпалы қарастырылған. Ойлардың эмоцияларымен, айналадағылардың қабылдауымен өзара байланысы мен өз эмоцияларын әрі жағдайын түсінуге, қабылдауға және басқаруға мүмкіндік беретін тәсілдер қарастырылған.
«Emoji. Сезімдер туралы» кітабында жасөспірімдердің оқиғалары арқылы эмоция мен сезім түсініктері, олардың айырмашылықтары, пайда болу мен көріну ерекшеліктері түсіндіріледі. Кітапта негізгі эмоцияларды ажырату дағдысына, эмоция мен сезімдердің байқалуындағы қиындықтарға назар аударылған. Сонымен қатар, сыртқы ортамен байланыс кезінде туындауы мүмкін қиындықтарды шешу жолдарына көңіл бөлінген.
Балаңыздың достары бар ма? Бұл керемет! Енді өз балаңызды бақылап, оған достарыңның ықпалын түсініп, ықтимал қауіп-қатерлерді анықтау маңызды. Бұл кітапта жасөспірімдердің формальды және формальды емес топтар түсінігі, олардың жасөспірім тұлғасын дамытудағы рөлі қарастырылған. Аталмыш топтардағы көшбасшы, аутсайдерлер, топ мүшелері сияқты негізгі рөлдер қарастырылады және рөлдік позициялардың теріс салдарын жоюға қатысты психолог кеңестері берілген.
Бұл кітапта жасөспірімнің есеюінің негізгі аспектісі болып табылатын дербестік пен жауапкершіліктің қалыптасуы қарастырылған. Жауапкершілік ересектердің көмегімен игеруге болатын құндылық бағдар болып есептеледі. Кітапта осы үрдіс ата–аналармен байланыстағы психологиялық механизмі сипатталған. Жасөспірімдердің қосарланған импульсіне көңіл бөлінген: дербес болу ниетімен қатар, отбасы тарапынан қолдауды қажет ету әрі ата–аналарға қарсы байбаламмен қатар, олардың тарапынан басшылықты қажет ету. Кітаптағы шынайы оқиғалар мен көрнекіліктер өзін-өзі ұстау стратегиясын түсінуді жеңілдетсе, психологтың жазбалары балаларға есеюдің жаңа дағдыларын меңгеруге көмектеседі.