9-ші сыныптағы жасөспірімдерге арналған

  • Nº1

Интернет әлемі: сен үшін кім шешім қабылдайды? Өзіңді интернеттегі теріс ықпалдан қорғау туралы.

«Интернет әлемі: сен үшін кім шешім қабылдайды? Өзіңді интернеттегі теріс ықпалдан қорғау туралы» кітабында діни экстремизм тобына тарту бойынша ықтимал қауіптер сипатталған. Оған қоса, манипуляцияның түрлі тәсілдері және интернет кеңістігінде ұқсас жағдайлардың алдын алу жолдары қарастырылған. Жасөспірімге виртуалды кеңістіктегі ақпаратты сыни бағалауға үйреніп, сын тұрғысынан ойлауды дамыту ұсынылған. Cонымен қатар, жасөспірім мысалға ұсынылған оқиғалардың негізінде түрлі ағымдарға тартылудың алдын алуы бойынша ұсыныстарды көреді.

  • Nº1

Мамандықтар əлемі. Мен үшін қай мамандық жақсы?

Мамандық таңдау - бұл әр адамның, тіпті жасөспірімнің өміріндегі күрделі және жауапты қадам. Мамандық таңдау мәселесі өте маңызды, өйткені көптеген адамдар бұл мәселеге тап болады. Мамандық таңдау- бұл өмірде өз орнын табу. Кітапта нақты мамандыққа бейімділікті анықтау тəсілдері қарастырылған. Оған қоса тұлғаның мүмкіндіктері негізінде мамандықтар əлеміндегі бағыттар сипатталған, қабілет пен икемділікті анықтау бойынша ұсыныстар берілген. Оқиғаларда жасөспірімдердің болашақ мамандық таңдаудағы қиындықтары мен уайымдары сипатталған.

  • Nº1

Мен қазірдің өзінде ересекпін, тағы не керек? Ересектік кезеңдегі дағдылар туралы

Ата-ана ретінде сіз жасөспірімнің дана шешім қабылдағанын қалайсыз, бірақ көбінесе ол оны жасай алмайды және сіз бұл процеске араласуыңыз керек. Есіңізде болсын, ата-ана ретінде сіз жасөспірімге тым көп еркіндік пен оған шамадан тыс қамқорлық жасаудың арасындағы сызықты сақтауыңыз керек. Жасөспірімдердің шешім қабылдау дағдылары өсудің ажырамас бөлігі және, әрине, ең қиын дағдылардың бірі екенін есте ұстаған жөн. Бұл кітапта шешім қабылдау дағдылары, қабылдаған шешімдерінің салдары үшін жауапкершілік алу ересек өмірге басар маңызды қадам екені анық. Есеюді тек еркіндік пен тәуелсіздік ретінде емес, дебрестік пен жауапкершілік ретінде қарастыру сипатталған.

  • Nº1

Ұлу– менің пірім. Біз кімге және неге еліктейміз.

Кітапта еліктеу процессі мен оның салдары сипатталады. Әңгімелереде жасөспірімдер еліктеудің жеке тәжірибелерімен бөлісті. Сондай-ақ кітапта жасөспірімдердің еліктеу механизмдері, еліктеу көмек немесе тұлға дамуына кедергі ретінде және еліктеу және пір таңдау негіздері пысықталған. Позитивтік рөлдік модельдің пайдасына таңдау жасауға көмектесетін психологтың ұсыныстары қарастырылған.

  • Nº1

Суперқабілет. Жауапкершілік алу туралы

Суперқабілет. Жауапкершілік алу туралы кітабында жауапкершілік өз тәртібі, сезімдері, шешімдері үшін түсінігі, оның түрлері көрсетілген. Кітапта өз өміріңе жауапсыз көзқарас және жәбірленушінің менталитетін таңдау жағдайында өзіңе жауапкершілік алу қабілетінің артықшылықтары қарастырылған. Өзгелердің жауапкершілігін өз мойнына алатын жағдайлар да назарға алынған.

  • Nº1

Ақшаның құны қанша? Құндылықтар жүйесі туралы

Қазіргі жасөспірімдер үшін материалдық құндылықтар мен жеке өзін-өзі тану құндылықтары ең маңызды болып табылады. Дәл осы жас аясында өмірдің негізгі мақсаттары шоғырландырылады және оларға жетудің белгілі бір тәсілдері ішкі мақұлданады, оны әр жас адам құндылық ретінде қарастырады. Кітапта құндылықтар жүйесі,бұрын қабылдаған құндылықтар жүйесін қайта қарау мен өзінің құндылық бағдар жүйесін құру үрдісі және құндылықтар жүйесін анықтау қарастырылған.

  • Nº1

Арманымдағы мамандық. Болашақ мамандықты қалай таңдау қажет?

Көптеген зерттеулер көрсеткендей, оқушылардың 50% - дан астамы болашақта кім болғысы келетінін білмейді. Сондықтан, әрбір ата-ананың маңызды міндеті -баланың кім болуы керек деп нақты кеңес айтпай немесе беделді жаққа бет бұрғызбай, жасөспірімге өздігінен мамандық таңдауға көмектесу, атап айтқанда, өз тілектерін ашуға және таланттарды дамытуға бағытталған көмек көрсету керек. Бұл кітапта психология тұрғысынан мамандық таңдау үрдісі сипатталған. Өзінің ерекше дағдыларын, таланттарын, құндылықтары мен мақсатттарын талдау және ұғыну көрсетілген. Сондай-ақ мамандықтардың психологиялық типологиясын түсіну жасөспірімге сала таңдауға мүмкіндік береді және мамандықта табысты болуға қажетті қандай білім мен дағдыларды игеру қажеттілігі қарастырылған.

  • Nº1

Күрделіні қарапайым тілмен түсіндіру. Махаббатқа дайын болу туралы.

Жыныстық тәрбиенің мәні дені сау ерлер мен әйелдерді ересек өмірге дайындауға, олардың физикалық және психологиялық ерекшеліктерін дұрыс білуге, өмірдің барлық саласында өз және қарама-қарсы жыныстағы адамдармен қалыпты қарым-қатынас орнатуға, олардың қажеттіліктерін қоғамдағы моральдық және этикалық нормаларға сәйкес жүзеге асыруға дайындау болып табылады. «Күрделіні қарапайым тілмен түсіндіру. Махаббатқа дайын болу туралы» кітабында жасөспірімдердің жыныстық тұтастығына қарсы қылмыстардың алдын алу және оның қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі аспектілері қарастырылған. Қалыс қалу, жыныстық жетілу көрінісі мен саналы келісімнің маңыздылығы сияқты тақырыптарға назар аударылады.

  • Nº1

Алғашқы махаббат ерекшеліктері. Шаттық сыйлайтын қарым-қатынас туралы.

Жасөспірімдік кезең - бұл алғашқы романтикалық эмоциялар кезеңі болып табылады. Жасөспірімдік махаббат деген не, ата-аналар мұндай жағдайға қалай қарауы керек деген сұрақтар барлығының көкейінде бұрыннан жүрген сұрақтар. Бұл» кітапта: қыз бен ұл бала арасында құрылған қатынастың дұрыс немесе бұрыстығының белгілері сипатталған. Баяндалған оқиғаларда манипуляция мен өзара бұрыс қарым-қатынас белгілері мысал ретінде ұсынылған. Салауатты қатынас орната білуге бағыттайтын психологиялық ұсыныстар берілген.

  • Nº1

Менің ерекшеліктерім.

Өзін-өзі бағалау адамның өзі туралы, оның қабілеттері мен мүмкіндіктері, басқа адамдар арасындағы орны туралы идеяларын көрсетеді. Бұл қоғамдағы адамның мінез-құлқына, қиын өмірлік жағдайларға жауап беру тәсілдеріне әсер етеді. «Менің ерекшеліктерім» кітабында жасөспірімді өзін-өзі тануға ынталандыру қарастырылған. Өзінің жеке «Мен» құрылымын тұрақты сезіну үдерісі сипатталған және жасөспірімдердің жетілуінің маңызды бөлігі өзінің тұлғалығына және өзіне деген қарым-қатынасына, өзіндік түсінігінің құрылымына қарай, яғни тұтас өзін-өзі тану арқылы сипатталған.

  • Nº1

Қиналып жүрмін. Шыдамым таусылды. Тәуелділік туралы.

«Қиналып жүрмін. Шыдамым таусылды. Тәуелділік туралы» кітабында жасөспірімнің психоактивті заттарға тәуелділігі және психологиялық себептер және осындай тәуелділіктердің қауіп факторлары қарастырылады. Тәуелділікке тап болған жасөспірімге мотивациясын қалыптастыру үшін өзінің тәуелді мінез-құлқы оның құндылықтарын қалай алыстататынын түсіну ұсынылады.

  • Nº1

Тəжі… немесе? Өзіндік бағалаудың қалыптасуы

Өзін-өзі бағалауды қалыптастыру процесі жасөспірімнің өзі сияқты күрделі және қарама-қайшылыққа толы. Бірақ ол баланың ересек өмірде қандай жетістікке жететінін анықтайды: жасөспірім қарама-қарсы жыныспен қалыпты қарым-қатынас жасай ма, дұрыс мақсаттар қоя ма және оларға қарай жүре ме, мансаптық жетістіктерге жете ала ма. Кітапта өзін-өзі бағалаудағы маңызды компонент ретінде «Мен» тұжырымдамасының негізгіаспектілері қарастырылған. Өзін-өзі бағалаудың жасөспірімнің өмірлік бағдарына, мінез-құлқына, әрекетіне ықпалы баяндалған. Өзін-өзі дұрыс бағалаудың белгілері мен факторлары сипатталған.

  • Nº1

Су-Ли-Фа? Шешім қабылдау жолдары.

«Су-Ли-Фа? Шешім қабылдау жолдары» кітабында мәселе немесе міндет туындаған жағдайдағы жасөспірімнің сындарлы шешім қабылдаудағы қадамдары, қандай нәтиже күтетінін түсінуі, жағдайды талдауы, ең жақсы нұсқаны таңдау үшін тәуекелдер мен салдарларды болжауы қарастырылады. Кітапта шешім қабылдаудағы логикалық дәйектілік, соңғы нұсқаны визуализациялау, шығармашылық тәсілді қолдану, миға шабуыл және т.б қарастырылған.

  • Nº1

Ересек- Ата-ана - Бала. Рөлдерді шатастырып алмау туралы.

Кітапта өмірлік ұстанымдар қарастырылады және олардың белгілері, артықшылықтары мен кемшіліктері сипатталады және неге біз әртүрлі адамдармен басқаша әрекет ететініміз және неге олар бізбен басқаша әрекет ететіндігі айқын көрінеді. Психологтың әңгімелері мен жазбалары арқылы жасөспірімдер позициялар арасындағы тепетеңдікті сақтау, әр түрлі өмірлік жағдайларда ең қолайлы позицияны қалай таңдауға болатынын және сұхбаттасушыны қай күйде екенін анықтайды. Олардың реакциясын басқаруды үйрену, яғни өзара әрекеттесу мен қарым-қатынасқа әсер ету туралы білетін болады.

  • Nº1

Менің күшім неде? Өз қабілеттеріңді ашу туралы.

Ата –ана-бала үшін ең жақсы тәлімгер және көмекші. Ата-аналардан басқа мұғалімдер болашақ чемпионның немесе Нобель сыйлығының лауреатының әлеуетін көре алады, бірақ, әрине, ата-аналардың балаға әсері әлдеқайда күшті, сондықтан жасөспірімде баланың бейімділігін анықтау оңайырақ .«Менің күшім неде? Өз қабілеттеріңді ашу туралы» кітабында оқиғаларда әр жасөспірімнің «тұлғалық» күштері қарастырылады. Қабілеттері, дарындары және өзін жетілдірулері үшін қалай дамып, оқып жатқандары сипатталады. Кітап «тұлғалық» күш пен өзіндік ерекшеліктерді тануға көмек береді және өзінің әлсіз және мықты жақтарды бағалауға жағдай береді.

  • Nº1

Кәсіпкер болып туылады ма? Бизнес дағдылар туралы

Қазіргі заманғы ата-аналар балаларын болашақ кәсіпкерлер ретінде тәрбиелеуге тырысады. Табысты кәсіпкерлік мансапты құру үшін қажет белгілі бір дағдыларды жасөспірім кезеңінде дамыту қажет. Кітапта өз жұмысын жүргізудің психологиялық аспектілері қарастырылған, жетістікке жететін кəсіпкерлікті құру үшін керекті қабілеттер сипатталған. Жасөспірімдер өздерінің ойлары жəне уайымдарымен бөлісіп,сонымен қатар өздерінің істерін құрған кездегі қиындықтарымен бөліседі.