Bilim Foundation командасы
Ерлан Айтмұхамбет
Bilim Foundation қорының президенті
Заң ғылымдарының кандидаты. 2000-2016 жылдары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Мемлекет және құқық институтында оқытушылық, ғылыми жұмыстармен айналысып, заң жобаларына құқықтық сараптама жасаған.
2017 жылдың ақпан айынан Bilim Foundation қорын басқарады. Оның жетекшілігімен қор мына жобаларды жүзеге асырып жатыр:

  • Кәмелет жасына толмағандар арасында суицидтің алдын алу және психикалық саулығын нығайту;
  • Кәмелет жасына толмағандардың психологиялық әл-ауқатын бақылау;
  • «Жарқын Болашақ» білім беру бағдарламасы;
  • Тегін психологиялық көмек көрсететін BF Line онлайн-платформасы;
  • Өмірлік машықтарды дамытуға арналған BF Books кітаптары.
Назерке Дабыл
«Жарқын Болашақ»
бағдарламасының кураторы
Жобаларды басқару және іс-шараларды
ұйымдастыру бойынша мол тәжірибеге ие.

Білім беру және мансап құруға бағытталған
бастамаларды сәтті жүзеге асырған.

Әр жылдары Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде, AlmaU, Silkway халықаралық университетінде қызмет атқарған.
Silkway халықаралық университетінде оқу ордасындағы музейдің тұжырымдамасын бастан-аяқ дайындап, дамыту стратегиясын әзірлеген және команданы үйлестірген.

Сонымен қатар түлектердің жұмысқа орналасу қарқынын бақылау бойынша тиімді әдістерді енгізіп, жұмыс берушілермен әрекеттесу процесін жоғары деңгейге жеткізген.

Берік Ұзақбайұлы
«Қызылжар Абай орта мектебі» қоғамдық қорының басқарушы директоры
Қосымша білім беру педагогы болып қызмет еткен. Қоғамдық ұйымдар мен қорларда түрлі лауазымдарды атқарған.

Бұған дейін Bilim Foundation қорында кәмелет жасына толмағандар арасында суицидтің алдын алу және өмірлік машықтарын қалыптастыру бағдарламасын басқарған.

2019 жылдан бері мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында «Қызылжар Абай орта мектебі» қорының инфрақұрылымын жаңарту жобасын басқарады.

Оның жетекшілігімен мектепте күрделі жөндеу жұмысы жүргізіліп, материалдық-техникалық база жаңартылды, педагогикалық құрамның сапасы артты.

Жанат Досжанова
BF Line жобасының жетекшісі, психиатр
Жоғары санатты психиатр-дәрігер, педагогика ғылымдарының магистрі. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» атағына ие.

Кәмелет жасына толмағандар арасында суицидтің алдын алу, жасөспірімдер депрессиясы, психологиялық мәселелер және мінез-құлық бұзылыстары сияқты тақырыптар бойынша педагог-психологтарға, дәрігерлер мен орта санаттағы медициналық қызметкерлерге тұрақты түрде тренингтер өткізеді.

Әр жылдары мемлекеттік медициналық ұйымдарда психиатр-дәрігер, психоаналитик және психолог болып қызмет атқарған. Қазіргі уақытта Bilim Foundation қорының BF Line жобасында психиатр және «Астана медицина университеті» ҰАО клиникалық психология кафедрасында ассистент болып жұмыс істейді.

2015-2017 жылдары Ақмола облысы бойынша кәмелет жасына толмағандар арасында болған суицид себептерін зерттейтін ғылыми-зерттеу тобына жетекшілік етті.

Сайт бойынша навигация
Байланыс
Астана, Мәңгілік ел даңғылы, 55/13, С 2.1 блогы
info_@bilimfoundation.org