«Жарқын Болашақ»
білім беру бағдарламасы
«Жарқын Болашақ» – Маңғыстау облысының жастарына арналған білім беру бағдарламасы. Бағдарлама жастарға тегін білім алу мүмкіндігін ұсынып, олардың кәсіби және жеке дамуына қолдау көрсетеді. Жоба «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы мен Samruk-Kazyna Trust әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен жүзеге асып келеді.
Бағдарлама артықшылықтары:
Қазақстанның үздік колледждері мен мектептерінде білім алу
кәсіби және
жеке даму мүмкіндіктері
белгіленген
көлемдегі жол шығындары
психологиялық қолдау
менторлар
қолдауы
тегін оқу және жатақхана
кәсіби бағдар беру
жоғарылатылған шәкіртақы
12-22 жас аралығындағы Жаңаөзен қаласы мен
  • Маңғыстау
  • Түпқараған
  • Қарақия
  • Мұнайлы
  • Бейнеу
аудандарының жастары
Бағдарлама екі бағытта жұмыс жасайды:
колледжде оқуға арналған білім гранттары
мектепте оқуға арналған білім гранттары
Бағдарламаға кімдер қатыса алады?
  • Астана
  • Алматы
  • Қарағанды
  • Қостанай
  • Тараз
  • Семей
  • Көкшетау
  • Өскемен
  • Петропавл
Бағдарлама қатысушылары қай қалаларда білім алады?
Қандай мамандықтар бойынша білім алуға болады?
Бағдарлама қатысушылары 100-ге жуық техникалық және гуманитарлық мамандықтар бойынша оқуға түсе алады.
Педагогикалық мамандықтар
Қоғамдық тамақтандыру,
туризм
Машина жасау
Медицина
Шет
тілдері
Экономика және бизнес
IT
Спорт
Мамандықтардың толық тізімін zharqynbolashaq.kz сайтынан таба аласыз
Грант иегерлерінің пікірі
Павлодардағы Ertis жоғары инновациялық аграрлық колледжінің студенті
Жәнібек Мақсатов
«Бұл бағдарлама маған бала кезден армандаған ветеринария мамандығына түсуіме мүмкіндік берді. Сол арқылы жақсы білім алып қана қоймай, нақты тәжірибе жинақтап жатырмын. Осы мүмкіндікті берген бағдарлама ұйымдастырушыларына шексіз ризашылығымды білдіремін. Болашақта елдегі ветеринария саласының дамуына үлесімді қосқым келеді».
Астанадағы Басқару колледжінің студенті
Арай Аманова
«Жарқын Болашақ» бағдарламасы менің өмірімді түбегейлі өзгертті. Бағдарлама өзіме деген сенімімді арттырып, үлкен мүмкіндіктер сыйлады. Бағдарлама арқылы жаңа ортаға тез бейімделіп, жаңа достар таптым, әлеуетімді аша алдым. Қазір ағылшын, түрік тілдерін меңгеріп, халықаралық деңгейдегі аудармашы атану үшін барымды салудамын.
Қарағанды қаласындағы теміржол колледжінің студенті
Бейбарыс Сұлтан
«Бағдарлама бізге тек жақсы білім алып қана қоймай, жан-жақты қолдау көрсетіп келеді. Бағдарлама арқасында мен қаржылық тұрғыда сауатты болуды үйреніп, жауапкершілігім арта түсті. Болашақта теміржол саласында кәсіби маман атанып, еліме пайдамды тигізгім келеді».
MNU студенті
Қарақат Аманқос
«Бұл бағдарлама менің өмірімді жаңа арнаға бұрды. Бағдарлама қолдауымен Тараз қаласындағы 125 Taraz High School мектебінде оқуға түсіп, бар назарымды түгелдей оқуға арнай алдым. Соның нәтижесінде ҰБТ-да 120 балл жинап, өзім армандаған оқу орнына түстім. Бағдарлама еліміздің жарқын болашағын қалыптастыруға үлес қосып жатыр деп сеніммен айта аламын».
«Қоғамдық тамақтану және сервис» колледжінің студенті
Нұржан Дүйсен
«Бұл бағдарлама менің өмірімді түбегейлі өзгертті. Арманым болған аспаздық мамандығын меңгеріп, тәжірибе жинауға мүмкіндік алдым. Тегін білім мен шәкіртақыдан бөлек, Астанадағы үздік мамандардан тәлім алып, болашақ мамандығым бойынша машығымды шыңдаудамын. Бағдарлама ұйымдастырушыларына алғысым шексіз!».
Астанадағы Басқару колледжінің студенті
Жанель Асылбек
«Бағдарлама көмегімен өзімді қызықтырған менеджмент саласында білім алып, бизнес және ұйымдастыру бағыттарында тәжірибе жинақтап жүрмін. Жаңа ортада шыңдалып, жаңа достар тауып, жан-жақты дамуға мүмкіндік алдым. Сонымен қатар бағдарламаның түрлі іс-шараларында басқа қатысушылармен бірге қызықты әрі пайдалы уақыт өткіземіз. «Жарқын Болашақ» арқылы өз болашағыма сеніммен қараймын».
Алматыдағы Digital College студенті
Жанатбек Қалниязов
«Жарқын Болашақ» бағдарламасына тапсыру өмірімдегі ең маңызды шешімдердің бірі болды десем болады. Жаңа орта тауып, заманауи мамандықты игеруге мүмкіндік алдым. IT саласында түрлі жобалармен айналысып, сайт жасап, мобильді қосымшалар әзірлеуді үйреніп жүрмін. Болашақта еліміздің үздік IT мамандарының қатарында болуды мақсат етемін».
Қазақ ұлттық өнер университеті колледжі студенті
Дария Сүлейман
«Өнер жолында дамуыма көмектескен «Жарқын Болашақ» бағдарламасына шексіз алғыс айтамын. Бұл бағдарлама арқылы мен өзім армандаған колледжге оқуға түсіп, скрипкашы мамандығының қыр-сырын меңгерудемін. Сонымен қатар үлкен сахналарға шығу бақытына ие болдым. Айман Мұсаходжаева және Димаш Құдайберген сияқты өнерпаздармен бір сахнада өнер көрсетіп, Дубайда өткен MECMA фестивалінде Еуразиялық симфониялық оркестр құрамында ойнадым. Бағдарлама маған тек шығармашылық тұрғыда емес, өмірлік мақсаттарыма жетуге жол ашты».
Ата-аналар пікірі
грант иегері Ерлан Нұрпейістің анасы
Куркем Тажибаева
«Жарқын Болашақ» өте жақсы бағдарлама. Балаларымыз осы бағдарлама арқылы жақсы білім алып, отансүйгіштік, адамгершілік сияқты ізгі қасиеттерді бойына сіңіріп жатыр. Жер көріп, ел көріп, кітап оқуды әдетке айналдырып, жан-жақты даму үстінде. Балаларымызға осындай мүмкіндік бергеніне қуаныштымын!».
грант иегері Қыдырәлі Балғабайдың анасы
Арай Анетбаева
«Жарқын болашақ» бағдарламасы туралы бір жыл бұрын басқа ата-аналардан біліп, баламды түсіру туралы шешім қабылдадық. Қазір ұлымыз Қыдырәлі Балғабай Астанадағы басқару колледжінде өзі қалаған мамандық бойынша білім алып жатыр. Бағдарлама баламыздың жақсы білім алуына жағдай жасап қана қоймай, спортқа деген қызығушылығына да барынша қолдау көрсетуде. Жоба ұйымдастырушыларына және кураторларға шексіз алғысымызды білдіреміз».
Сайт бойынша навигация
Байланыс
Астана, Мәңгілік ел даңғылы, 55/13, С 2.1 блогы
info_@bilimfoundation.org
Қор жобалары