Ауыл мектептерін жаңарту және ондағы білім сапасын арттыру
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында қалалық және ауылдық мектептердегі білім беру сапасында үлкен алшақтық барын атап өткен еді. Бұл мәселені біздің қор ауылдық жерлерде сапалы білім беретін, заманауи жабдықталған мектептер құру арқылы шешуге талпынады.
Жоба қандай мәселені шешеді?
Қор білім басқармасымен мемлекеттік-жекеменшік әріптестік (МЖӘ) шартына қол қояды.

Кейін Bilim Foundation ғимаратты күрделі жөндеуден өткізіп, оның материалдық-техникалық базасын жаңартады.

Сонымен қатар мектеп қызметкерлерін басқаруға көмектесетін заманауи жүйені енгізеді.
Жоба қалай жұмыс істейді?
Алғашқы жоба 2019 жылы жүзеге асты: Қызылжар ауданы Петерфельд ауылында орналасқан мемлекеттік мектеп 10 жылға қордың сенімді басқаруына берілді. Қазір мектеп «Қызылжар Абай орта мектебі» деп аталады.

Қор мектепті жаңарту бойынша ауқымды жұмыс жүргізді: материалдық-техникалық базаны жаңартып, кабинеттерді заманауи үлгіде жабдықтады және цифрлық технологияларды енгізді.

Бұдан бөлек Bilim Foundation педагогикалық құрамның сапасын арттырды — бүгінде мектепте жоғары білікті мұғалімдер жұмыс істейді.
Қандай жұмыс атқарылды?
Мектептің бұрынғы және қазіргі жағдайы мына видеода ұсынылған:
Сайт бойынша навигация
Байланыс
Астана, Мәңгілік ел даңғылы, 55/13, С 2.1 блогы
info_@bilimfoundation.org