2023 жылы жобаны 118 бала тәмамдап, оның 112-сі жоғары оқу орындарына түсті. Оқу ордалары қатарында Назарбаев Университеті, Гумилев атындағы ЕҰУ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және ҚБТУ сияқты жетекші университеттер бар.
"Мұндай жобаларды кешенді жүзеге асыруда команданың рөлі ерекше. Әр топтағы балаларға куратор, сондай-ақ мектеп немесе колледж тарапынан педагогтар мен тәрбиешілер бекітілген. Біздің кураторлар балалардың тұлғалық дамуына, коммуникациялық машықтарының артып, жаңа ортаға бейімделуіне баса көңіл бөледі. Сонымен қатар өтпелі кезеңдегі қиындықтарды еңсеруге көмектесетін психологтарымыз да жұмыс істейді. Біздің міндетіміз – олардың бейімделу процесі сәтті өтуін қадағалап, тұлғалық дамуына көмектесу", – деп толықтырды Ерлан Айтмұхамбет.
Материал informburo.kz аналитикалық сайтында жарық көрді:
https://informburo.kz/kaz/kogam/bilim-sapasy-men-adami-kapitaldy-arttyruda-aleumettik-bastamalardyn-manyzy-qandai